Мосулда ирактықтардың табысты амалдары жалғасуда
(last modified Fri, 04 Nov 2016 15:15:52 GMT )
Қар 04, 2016 21:15 Asia/Almaty
  • Мосулда ирактықтардың табысты амалдары жалғасуда

Мосулды азат ету амалдары ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубәкір әл- Бағдади өз күштеріне баяндама жасап, ДАИШ күштері тағы да Мосул тұрғындарын адам қалқаны ретінде пайдаланған жағдайда жалғасты.

Мосулды азат ету амалдары ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубәкір әл- Бағдади өз күштеріне арнап сөз сөйлеп, ДАИШ күштері тағы да Мосул тұрғындарын адам қалқаны ретінде пайдаланған жағдайда жалғасты.

Тәкфирлік-сионистік ДАИШ тобының жетекшісі Әбубәкір әл-Бағдади бейсенбі күні дыбыстық үндеуінде өз күштерін Ирак армиясының Мосулға шабуылына тосқауыл қоюға шақырды.

Мосул қаласы тұрғындарының айтуынша, бейсенбі күні таңертең тәкфирлік- сионистік ДАИШ тобының жетекшісі Әбубәкір әл-Бағдадидің баяндамасы таратылғаннан сәлден кейін Мосулдың шығыс аймағында қуатты жарылыстардың дауысы естілген.

Сондай- ақ ДАИШ мүшелері бейсенбі күні Мосул көшелеріне бетпердесіз келген  деседі. ДАИШ мүшелері Мосулдің оңтүстігінде орналасқан Хамам әл-Әлил қалашығының орталығында адам қалқаны ретінде пайдалану үшін ирактық отбасыларды жинады. ДАИШ-тың әрекеттеріне қарамастан ирактық күштер Мосулды азат ету амалдарын жалғастырып, бүгін де түрлі аймақтарды азат етті.

Ирактық күштер Мосулдың оңтүстік- шығысындағы әл- Антасар кварталында  стратегиялық 30 көшені азат етті. Ирактың халықтық күштері де бейсенбі күні Мосулдың батысында Талль-Шахаб аймағын лаңкестердің басқыншылығынан толығымен азат етті. Ирактың халықтық күштері ДАИШ лаңкестерімен кескілескен шайқастардан кейін Мосулдың батысында 25 лаңкестің көзін жойды. Сонымен бірге Ирактың халықтық күштері Мосулдың маңындағы бір елді мекенді азат етіп, Мосулдың батысындағы Талль-Афарға шектесетін жолды өз қарамағына алды.

Ирактың федералды полиция күштері де сәрсенбі күні ДАИШ лаңкестерімен қақтығыстан кейін Мосулдың батысындағы Монире елді мекенін толығымен азат етті. Ирактық бірлескен күштер де Нейнава облысының оңтүстігінде әл- Хурте ауылын азат етті.

Өзге жаңалықтар Мосул амалдары туралы гуманитарлық статистикалық мәліметтерге қатысты. БҰҰ Ирак армиясы тарапынан Мосулды қайтарып алу іс- қимылдары жүріп жатқан аймақтарда шамамен 21 мың адамның босқындап кеткенін хабарлады. БҰҰ- ның ақпарат хатшысы Стефан Дуджарик сәрсенбі күні осы босқындардың жартысының лагерлерге, қалғандарының өзге аймақтарға қоныстандырылғанын хабарлады.

Ирак парламентінің депутаты Адел Рахим әл- Шамари де Ирак армиясы тарапынан Мосулдың төңірегіндегі кейбір елді мекендердің азат етілуімен шамамен 10 мың ирактық босқынның Нейнава облысындағы 15 ауылда өз үйлеріне қайтқанын мәлімдеді.

Ирактық Миграция министрлігі де сәрсенбі күні ирактық күштердің үш мың бейбіт азаматты Мосулдың шығысында орналасқан Гогиели және әл-Караме аймақтарынан шығарып, оларды Мосулдың айналасындағы лагерлерге көшірілгенін мәлімдеді. Ирактың Миграция министрлігі Мосулды азат ету қимылдары басталғаннан бері қазірге дейін 19 мыңнан астам ирактықтықтың Мосул мен осы қаланың айналасындағы аймақтардан шығарылғанын айтты.

 

 

 

 

Тегтер