Түркияда Гүленмен байланыста болды деген күдікпен тағы 20 басшы қызметтен шеттетілді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17515-Түркияда_Гүленмен_байланыста_болды_деген_күдікпен_тағы_20_басшы_қызметтен_шеттетілді
Түркия ІІМ жексенбі күні осы елдің тағы 20 басшысының «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүлен ұйымымен байланыста болды деген күдікпен қызметтерінен шеттетілгенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 06, 2016 20:29 Asia/Almaty
  • Түркияда Гүленмен байланыста болды деген күдікпен тағы 20  басшы қызметтен шеттетілді

Түркия ІІМ жексенбі күні осы елдің тағы 20 басшысының «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүлен ұйымымен байланыста болды деген күдікпен қызметтерінен шеттетілгенін хабарлады.

Фетхуллаһ Гүленге «15-ші шілдедегі сәтсіз әскери төңкеріске жетекшілік етті және осы елдің үкіметтік органдарына, әсіресе армия, полиция және Сот билігіне ықпал етті» деген айып тағылып отыр. Жуықтағы сәтсіз әскери төңкерістен кейін Түркия үкіметі түрлі бөлімдердің бір мыңнан астам қызметкерін Гүлен қозғалысымен байланыста болды деген күдікпен жұмыстан шығарды немесе оларды қызметтерінен уақытша шеттетті.