Сауд Арабиясының «Ираннан Йеменге қару жөнелтілуде» деген уәжі теріске шығарылды
Йемен армиясының ақпарат хатшысы Сауд Арабиясының «Ираннан Йеменге қару жөнелтілуде» деген уәжін теріске шығарды.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йемен армиясының ақпарат хатшысы Шараф Ғалеб Лоғман сенбі күні: «Сауд Арабиясының «Ираннан Йеменге қару жөнелтілуде» деген уәжі Сауд әулетінің Йеменге өз шабуылдарын жалғастыру үшін айтып отырған сылтауы болып табылады. Мұндай уәждерді қайталау жалған әрі негізсіз. Йемен армиясында зымыраннан қорғанудың стратегиялық қоры бар және өзінің әскери жабдықтарымен Сауд Арабиясының шабуылдарына тосқауыл қоюға шамасы жетеді.
Саудиялықтардың Йеменде өз мақсаттарына жетуде сәтсіздікке ұшырауына байланысты әуре-сарсаңға түсуі Саудия қайраткерлерін осындай уәждерін қайталау арқылы әлемдік қауымдастықтың назарын Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарынан ауытқытуға итермелеп отыр» деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми америкалық қайраткерлердің «Ираннан Йеменге әскери жабдықтар жөнелтілуде» деген уәжіне көрсеткен реакцияда: «Йемен халқын жаппай қыру және осы елдің инфрақұрылымдарын жоюда америкалық ұшақтар мен қарулар қолданылып жатқан жағдайда осындай уәждер айтылуда» деді.