Иран Ирактағы лаңкестік жарылыстарды айыптады
(last modified Mon, 07 Nov 2016 02:55:20 GMT )
Қар 07, 2016 08:55 Asia/Almaty
  • Иран Ирактағы лаңкестік жарылыстарды айыптады

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Ирактың Самарра мен Тикрит қалаларында жойқын лаңкестік жарылыстарды ұйымдастырушылардың әрекетін айыптады.

СІМ- нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуі бойынша, Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Ирактың Самарра мен Тикрит қалаларында орын алған лаңкестік жарылыстарда құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтып, лаңкестік пен тәкфирлік топтардың адамгершілікке жат әрекеттеріне тосқауыл қоюдағы әлемдік қауымдастықтың жауапкершілігін қуаттады.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы сондай- ақ жексенбі күні таңертең Самарра қаласында орын алған лаңкестік амалдарда бірнеше Иран азаматының шәһид болуы мен жаралануын Иран халқы мен олардың отбасылары үшін ауыр апат деп атап, осы қылмыстардың лаңкестердің Ирактағы мақсаттарын ілгерілетуде үсті- үстіне сәтсіздікке ұшырауынан туындап отырғанын мәлімдеді.

Самаррадағы екі имамның кесенесін басқарушылар жексенбі күні алдымен бомба орнатылған бір көліктің Самаррадағы зиярат етушілерге арналған жолаушы тасу терминалында жарылғанын, халық оқиға орнына келген кезде тағы бір бомбаның жарылғанын, соның салдарынан оннан астам Иран азаматының шәһид болып, 30 адамның жараланғанын мәлімдеді.

 

 

Тегтер