Зариф: Иран мен Ливан қарым-қатынастарын дамыту үшін жағдай қалыптасты
Иран Сыртқы істер министрі Ливан Президентімен кездесіп, әртүрлі мәселелер туралы пікір алмасты.
Дүйсенбі күні Ливанға келіп түскен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф ел Президенті Мишель Аунмен кездесуінде Ливанның президенттік сайлауда нәтижеге жетуін бүкіл Ливан халқы жеңістерінің бірі деп атап, Ливан мен Иранның ынтымақтастық жасап, аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатып, сонымен қатар екі елдің саяси және экономикалық қарым-қатынастарын дамыту үшін жағдайдың қалыптасқанын айтты.
Ливан Президенті Мишель Аун да Ливан Президенті болып сайланған соң ИИР Президентінің құттықтау жолдауы мен телефон арқылы хабарласқанына алғыс айтып, әртүрлі салалардағы екі елдің қарым-қатынастарын алға ілгерілетуді қуаттады.
Мишель Аун сонымен бірге лаңкестікпен күрес мәселесінде барлық елдердің ынтымақтастығының маңыздылығын баса айтып, Ливанның өз аумағына басып кірген лаңкестік топтармен күресіп жатқанын айтты. Ол Сирияның жағдайына тоқталып, бұл елдің дағдарысын саяси жолмен шешіп, босқындарының еліне оралуына үміт білдірді.
Зариф Ливан Президентімен кездескен соң журналистерге берген сұхбатта «Тұрақтылық орнатып, алға ілгерілеу үшін Иран мен Ливанның ортақ мүдделерін пайдаланамыз. Иран мен Ливанның қарым-қатынастарының келешегіне үмітіміз зор. Бұл қарым-қатынастар екі ел мен екі халықтың, сондай-ақ аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін пайдалы болып, одан ешкім зиян көрмейді»,- деп мәлімдеді.