Зарифтің Ливанда Палестина қарсыласу топтарының жетекшілері алдында сөйлеген сөзі
Иран Сыртқы істер министрі Палестина тақырыбын ислам әлемінің негізгі мәселесі деп атады.
.СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуінше, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Ливан астанасы Бейрутте палестиналық қарсыласу топтарының жетекшілері алдында сөз сөйлеп: «Палестина Иранның сыртқы саясатының негізгі өзегі болып табылады. Осы саясат ислам республикасының басшылары тарапынан шынайылықпен қарастырылады.
Бүгінде екі басты қатер Таяу Шығыс пен әлемге қауіп төндіріп отыр. Аймақ пен әлем үшін ең маңызды қауіп сионистік режим болып отыр. Осы отаршылдық құбылысы бейбітшілік, қауіпсіздік және адам құқығына қарсы барлық қоқан-лоққылардың басы болып табылады.
Сионистік режим кемінде 200 ядролық оқ тұмсыққа ие болып, шапқыншылық саясат жүргізуі және барлық халықаралық ережелерді аяққа таптауымен адам құқығының ең қауіпті жауы болып табылады. Бұл режимнің содырлық бойынша еш бақталасы жоқ» деді.
Иран Сыртқы істер министрі тәкфирлік лаңкестік қаупін аймақта қақтығыс пен соғыс ашып отырған адамзат қоғамы үшін екінші қауіп деп атап: «Лаңкестер Израиль режиміне еш қауіп- қатер төндіріп отырған жоқ» деді.