Аймақтағы дағдарыстарды шешу үшін шынайы талап жоқ
Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі аймақ дағдарыстарындағы кейбір ойыншылардың саяси шешім жолына ден қоюға деген шынайы талаптарының жоқ екендігін мәлімдеді.
ИРНА-ның сейсенбі күнгі мәлімдеуінше, Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Хосейн Әмир Абдоллаһиян Теһранда Швеция Сыртқы істер министрінің орынбасары Ханика Саудер ханымды қабылдауда: «АҚШ ДАИШ- тың ісін басқарып отыр. Бұл елдің аймақта лаңкестікпен күресуге деген шынайы талабы жоқ» деді.
Әмир Абдоллаһиян Палестина мен Ирак тақырыбы жөнінде де: «Палестинада қалашықтар салу, шапқыншылықтар мен палестиналықтарды қыру әрекеттері тоқтатылмайынша және Палестина халқының құқығы қорғалмайынша ешқандай келешек жоқ» деді.
Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Бахрейн мен Йемен жөнінде де: «Бахрейн шағын мемлекет болғанымен үлкен қиыншылықтары бар. Осы елде адам құқығының жүйелі түрде бұзылуы мен кейбір Бахрейн азаматтарының азаматтықтан айрылуы Бахрейн қоғамындағы алаңдаушылықтарға жатады» деді.
Саудер ханым да Сирия елінің көптеген азаматтарының Швецияда тұрып жатқанын ескеріп: «Сирия мен Йемен, Ирак пен Палестина және басқа да елдернде адам құқығы мәселелеріне шынайы түрде көңіл бөлу керек. Сонда әлемдік бейбітшілік пен тыныштық орнайды» деді.