Зариф Сирия мен Йемендегі жазықсыз халықтың қырылуын тоқтату қажеттігін қуаттады
(last modified Wed, 09 Nov 2016 10:42:26 GMT )
Қар 09, 2016 16:42 Asia/Almaty
  • Зариф Сирия мен Йемендегі жазықсыз халықтың қырылуын тоқтату қажеттігін қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі Сирия мен Йемендегі жазықсыз халықтың қырылуын жылдам тоқтатуды талап етті.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла, Мәжіліс Төрағасы Набих Берри, ағымдағы істермен айналысушы Премьер-министрі Тамам Салам және бұл елдің жаңа үкіметін құру міндетіне ие Премьер-министрі Саад Хариримен кездесуінен кейін журналистердің алдында сөйлеген сөзінде аймақтағы, әсіресе Сирия мен Йемендегі саяси дағдарыстардың жалғасуына алаңдаушылық білдіріп, бұл екі елдегі қантөгістерді жылдамырақ тоқтатуды қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Йемен мен Сирия дағдарыстарының шешім жолын тек қана саяси жол деп атап, барлық мемлекеттердің аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнатуға талпыныс жасауы керектігін қуаттады.

Зариф сондай-ақ Ливан халқын ел президентін сайлауымен құттықтап: «Иран Ливанның саяси ұстанымын қолдап, Ливанның жаңа үкіметінің жылдам құрылатындығына үміттенеді»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның Ливанмен экономикалық және сауда ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзір екенін қуаттап: «Иран Ливан мен Ливан халқының әрбір табысын өзінің табысы санайды»,- деп баса айтты.