Хосейннің қырқы рәсіміне қатысу үшін жарты милионнан астам зияратшы Иракқа келді
(last modified Sat, 12 Nov 2016 08:33:37 GMT )
Қар 12, 2016 14:33 Asia/Almaty
  • Хосейннің қырқы рәсіміне қатысу үшін жарты милионнан астам зияратшы Иракқа келді

Ирактың ІІМ-нің ақпарат хатшысы жұма күніне дейін Хосейннің қырқы рәсімдеріне қатысу үшін жарты милионнан астам зияратшының Иракқа кіргенін мәлімдеді.

Иран Телерадио ұйымының ирактық al-Sumariya хабар сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Ирактың ІІМ-нің ақпарат хатшысы Саад Маан бұл зияратшылардың шекаралық төрт бекет және Наджаф пен Басра әуежайлары арқылы Иракқа кіргендерін мәлімдеді.

Осындай жағдайда, Ирактың орталық Фырат бөлігінің амалдарды басқару базасы 30 мыңнан астам қауіпсіздік күшіне биылғы жылғы Хосейннің қырқы рәсімдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетінің жүктелгенін хабарлады.

Ирактың оңтүстігіндегі Кербела облысының әкімі Ағил Умран әл-Тарихи осы ел халқының Хосейннің қырқы рәсімдеріне қатысу үшін келген зияратшыларды қарсы алып, күтуге әзір екенін мәлімдеді.

Ирандық және ирактық басшылар биылғы жылғы Кербеладағы Хосейннің қырқы рәсімдеріне 1 миллион 700 мыңнан астам ирандық азаматтың қатысатынын болжаған болатын.

 

Тегтер