Бахрейннің «Вағд» жамиғатының бас хатшысына елден шығуға тыйым салынды
Қар 13, 2016 08:13 Asia/Almaty
Халифе әулеті режимі басып-жаншу әрекеттерінің жалғасында Бахрейннің «Вағд» демократиялық жамиғатының бас хатшысына елден шығуға тыйым салды.
Халифе әулеті режимінің басшылары негізсіз сылтаулармен Бахрейннің «Вағд» демократиялық жамиғатының бас хатшысы Рәзи әл- Мусавидің осы елден шығуына қарсылық танытты. Халифе әулеті режимі бұған дейін бахрейндік мәртебелі рухани қайраткер шейх Иса Ғасемнің азаматтығының күшін жойған болатын.
Бахрейн халқы 2011 жылдың ақпан айынан бері осы елде саяси реформалар, азаттық, әділет орнату, кемсітушілікті жою және қалаулы жүйенің билік басына келуі үшін күресіп жатыр, бірақ Халифе әулеті режимі олардың наразылығына әрдайым басып-жаншумен жауап беруде.
Тегтер