Кейбір араб елдерінің басшылары өздерінің кінәсін өзгеге жауып, Иранмен текетіресуде
Иранның көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайтып, қайшылықтарды жоюға бағытталған талпыныстарына қарамастан, аймақтағы кейбір араб елдері БАӘ-мен бірлесіп, Иранға қарсы жаңа жобаны күн тәртібіне қойды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Таяу Шығыс аймағындағы араб режимдері БАӘ-нің ынталандырып, қолдауымен және Иранға қарсы негізсіз уәждерді қайталау мақсатында БҰҰ Бас ассамблеясына Иранға қарсы хат жазды.
БАӘ және «Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне» мүше елдер, мұнымен қоса Мысыр, Марокко, Судан, Иордания мен Йеменнің отставкаға кеткен үкіметі осы хатта «Иранның экспансиялық саясаттары» деп аталған мәселеге алаңдаушылық білдірген.
Иранның араб елдерінің ішкі ісіне араласуы туралы уәждер мен БАӘ-нің Иранның үш аралына қатысты қайталамалы уәждері осы хаттың келесі тақырыптарының қатарын құрады.
Осыдан бұрын ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілдігінің бірінші хатшысы БАӘ Сыртқы істер министрінің Иранның үш аралы туралы уәждері мен Бахрейннің Иранды осы елдің ішкі ісіне араласады деген айыптауларын негізсіз деп атаған болатын.
Иранның араб елдерінің ішкі істеріне араласатыны туралы уәждер Сауд Арабиясы мен одақтас елдері 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменге әуеден және құрлықтан ауқымды шабуылдар жасап жатқан жағдайда айтылып отыр. Осы шабуылдардың салдарынан бүгінгі күнге дейін мыңдаған қарапайым адам қаза болып, жараланды.