Қарсыласу өзегі аймақта лаңкестікпен күресте даусыз жеңіске жетеді
(last modified Sun, 13 Nov 2016 16:29:40 GMT )
Қар 13, 2016 22:29 Asia/Almaty
  • Қарсыласу өзегі аймақта лаңкестікпен күресте даусыз жеңіске жетеді

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының бірінші орынбасары Ирак пен Сириядағы лаңкестікпен соғыстағы қазіргі жеңістерді қарсыласу өзегінің маңызды табыстары деп атады.

ИРНА-ның жексенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының бірінші орынбасары Масуд Пезешкиан ливандық «әл-Аһд» ақпарат торабына берген сұхбатында: «Қарсыласу өзегінің жеңістері ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің «Қарсыласу шебі – одақтастың жеңісі» деген көзқарасын қуаттайды.

Америкалықтар, сионистер, саудиялықтар мен Катар Сирия мен Ирактағы соғыс отының артында тұрып, осы елдерге лаңкестерді аттандырыып отыр, алайда олар жақында  сәтсіздікке ұшырап, масқарашылықпен майданнан кетеді» деді.

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғамдық қатынастар бөлімінің жауапты басшысы, бригада генералы, сардар Рамазан Шариф те Ливанның «әл-Аһд» ақпарат торабына берген сұхбатында: «Иран халықаралық лаңкестікке тап болып отырған Ирак және Сирия үкіметтерінің өтінішімен оларға кеңес беру арқылы қолдауын жалғастырады» деді.

 

 

Тегтер