Қар 14, 2016 15:56 Asia/Almaty
  • Мосулдың Каркукли аймағы лаңкестердің қолынан азат етілді

Мосулдың шығысындағы Каркукли аймағы ДАИШ лаңкестерінің қолынан толығымен азат етілді.

"Әл-Алам" арнасының хабарлауынша, ирактық күштер жексенбі күні Мосулдың шығысындағы Каркукли аймағын толығымен азат етіп, Мосул қаласының сол жағалауындағы Бекр және Аден аймақтарына кірді.

Әл-Аламның Мосулдың оңтүстік майдандарындағы өзгерістер туралы мәліметінде федералды полиция күштерінің қолбасшысы Шакер Джевдет Найнаваның оңтүстігіктегі жерлерін толығымен азат етіп, Мосул қаласына кіруге дайындалып жатқанын хабарлап: "1850 шақырымды құрайтын Мосулдың оңтүстігіндегі жерлер қазір ирактық күштер тарапынан толығымен азат етілді. Ирактық күштер осы аймақта шамамен 64 ауылды азат етіп, "Найнава мен келемін" амалдары басталғаннан бері 935 лаңкестің көзін жойды" деді.

 

 

Тегтер