Түркияның қырғи ұшақтары Сирияның әуе кеңістігіне шапқыншылық жасады
Қар 15, 2016 08:07 Asia/Almaty
Түркияның қырғи ұшақтары Сирияның әуе кеңістігін тағы бұзып, осы елдің солтүстік аймақтарын нысанаға алды
Түркияның вице-премьер министрі Нуман Куртулмуш Анкарада өткен ақпарат отырысында Түркияның Сирия жеріне әуеден шабуыл жасағанын растады.
Ол осы шабуылдардың мақсатын шекаралық аймақтарды тазарту және Сирия ішінде қауіпсіз аймақтар орнату деп атады. Түркия 24-ші тамыздан бері Сирияға өзінің әскери араласуын осы елдегі ДАИШ лаңкестерімен күресу деген желеумен бастады. Түркия осы амалдардың келесі бір мақсатын күрд жасақшы лаңкестеріне тосқауыл қою деп жариялады.
Тегтер