Құдс мешіттерінен азан айтуға тыйым салу жобасының бекітілуіне Иран реакция білдірді
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы әлемдік қауымдастық пен ислам елдерінің Бейт әл-Мұқаддастың исламдық болмысын өзгертудің алдын алу үшін талпыныс жасауды талап етті.
Иран СІМ- нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуінше, Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні сионистік режимнің Бейт әл-Мұқаддас қаласының мешіттерінен азан шақыруға тыйым салу жобасын бекітуіне және Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтардың жерлерін тәркілеу заңына көрсеткен реакцияда жобаны сионистік режимнің Палестинаның мазлұм халқына қарсы алпыс жылдан астам саясаты мен адамзатқа қарсы шаралары және нәсілшілдігі мен адам құқығына қарсы зұлым әрекеттерінің жалғасы деп атап:
«Бұл шара палестиналықтардың өз атамекенінде тұрмыс жағдайларын одан әрі қиындатып, Бейт әл-Мұқаддастың исламдық болмысын өзгерту мақсатында жасалып отыр» деді.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы халықаралық қауымдастықтан, әсіресе мұсылман елдерінен сионистік режимнің адам құқығына қайшы осындай арандатушылық шараларына қатысты үнсіздік танытпауды және осындай шаралармен Бейт әл-Мұқаддастың исламдық болмысына қауіптің төнуіне жол бермеуді сұрады.