Иранның Барлау министрі: Иранда лаңкестік ағымдар әрекет жасай алмайды
Иранның Барлау министрі қауіпсіздікке қарсы лаңкестік ағымдардың Иранда лаңкестік әрекеттерге бара алмайтынын қуаттады.
Иранның Барлау министрі сейіт Махмуд Алави бейсенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Шаламче шекарасын аралау аясында тілшілерге берген сұхбатта: «Әлемдік және аймақтық дұшпандардың талпыныстарына қарамастан осы уақытқа дейін қауіпсіздікке қарсы ешбір адамның Иран ислам республикасына кіруіне жол берілген жоқ» деді.
Иранның Барлау министрі Иран қауіпсіздік күштерінің аймақтағы үстемдігі мен олардың Хосейннің қырқы-«Арбағин» зияратшыларын қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп отырғанын қуаттап: «Иран ислам республикасы мен Ирак басшылары «Арбағин» зияратшыларының қозғалыстарын жеңілдету негізінде бір- бірімен жақсы және сындарлы әріптестік жасап отыр» деді.