Йеменнің оңтүстігіндегі базарға жаудырылған оқ салдарынан бейбіт адамдар өлді
Йеменнің ресми дереккөздері Таиз облысындағы базарға жаудырылған оқ салдарынан 22 адамның шәһид болып, 25 адамның жарақат алғаны туралы хабарлады.
Сауд Арабиясының әскери ұшақтары Йеменнің әл-Хадиде облысындағы Салиф қаласының аймақтарын бомбалады. Сауд Арабиясының әскери ұшақтары сан рет Сана обылысының аймақтарына кассеталық бомбалар тастады. Йемендік күштер де саудиялықтардың шабуылдарына жауап ретінде Таиз облысындағы олардың позицияларын нысанаға алды. Нәтижесінде жалдамалылардың көбі өліп, бірқатары жараланды. Йемендік күштер Мариб облысында саудиялық шапқыншылардың алға ілгерілеуінің алдын алды. Екі жақтың келісімі бойынша, бейсенбі күнінен бастап, атыс тоқтатылады. Ансаролла қозғалысы мен Ұлттық Конгрес партиясы атысты тоқтату бітіміне табанды болатындықтарын мәлімдеді.