Қар 21, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Хосейннің қырқы-

Иран президентінің бірінші орынбасары Хосейннің қырқы - "арбағин" күнгі шерулерді бейбітшілік пен азаттықтың белгісі деп атады.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири жексенбі күні Наджафтан Кербалаға қарай жолдағы хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның шатырында намаз оқушылардың жиынында Ирак үкіметіне алғыс білдіріп, Хосейннің қырқы - "арбағин" күнгі шеру рәсімдерін мәңгілік қозғалысқа айналдыру керектігін қуаттады.

Иран президентінің бірінші орынбасары Хосейннің қырқы - "арбағин" күніне орай көңіл айтып: "Шәһидтердің жетекшісінің қаны Ислам тарихының бас кезінен бастап қазірге дейін қайнап келеді. Ол барлық адамдардың алдынан қияметте азаптан құтылудың жолын ашады. Хосейннің қырқы - "арбағин" күнгі рәсімдер қалыптан тыс оқиғаға айналды. Бұл күні миллиондаған жақтастар әділет пен бейбітшілік талап ету ұрандарын айтып, имам Хосейннің (ғ.с.) пәк кесенесіне апаратын жолдарды басып өтеді. Ирак үкіметі үшін Мосулде ДАИШ лаңкестік тобымен күресіп жатқан жағдайда Хосейннің қырқы - "арбағин" рәсімдерін өткізу қиын" деді.

 

 

 

 

 

Тегтер