Ирактың Хилла қаласындағы жарылыста 24 ирандық шәһид болды
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары бейсенбі күні Ирактың Хилла қаласында орын алған лаңкестік жарылыста 24 ирандық зияратшының шәһид болғанын хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрінің консулдық, парламенттік және шетелдегі ирандықтардың ісі бойынша орынбасары Хасан Қашқави: «Ирактың Бабиль облысының орталығы Хилла қаласының солтүстік аймағында бомба орнатылған көліктің жарылуы салдарынан имам Хосейн кесенесін зиярат етуші жүздеген адам, соның ішінде 24 ирандық «Арбағин» рәсімінен қайтып бара жатқан кезде шәһид болды. Сонымен қатар біраз адам жараланды.
Осы лаңкестік жарылыс орын алған сәттен бастап Ирактағы Иран елшілігі жергілікті басшылар мен Бағдадтағы басшылар арқылы осы мәселені қарастыруды бастады» деді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Ирак үкіметінің зияратшыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі жақсы ынтымақтастығына сілтеме жасап: «Теһран зияратшылардың оралуы жолында да Ирак тарапынан қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп саласындағы да ынтымақтастықтарға көңіл бөлінуді күтеді» деді.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми де Ирактың Хилла қаласындағы лаңкестік жарылысты айыптап, құрбан болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтастық білдіріп: «Алдын ала жоспарланған осы қылмыс лаңкестердің дәрменсіздігінен туындап отыр әрі олардың көптеген жеңілістеріне деген реакциясы болып табылады. ИИР лаңкестікпен толассыз күресте бұрынғысынша Ирактың мазлұм халқының жанынан табылады» деді.