Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 26 Nov 2016 12:06:01 GMT )
Қар 26, 2016 18:06 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері бейсенбі күні100-ден астам зияратшының қаза болуына соқтырған Ирактың Хилла қаласында орын алған лаңкестік жарылыстың себепкерлерін айыптады.

Казем Седдиқи Теһранның жұма намазының құтпаларында Ирактың Хилла қаласында Хосейннің қырқы-"арбағин" рәсімдеріне қатысушы зияратшылардың жолында орын алған лаңкестік жарылыста шәһид болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зияратшылар үшін Абу Абдолла әл-Хосейннің (ғ.с.) жолында шәһид болуды мақтаныш деп қуаттады.

Теһран жұма намазының имамы Ирак үкіметі мен халқының Хосейннің қырқы-"арбағин" рәсімдерінің зияратшыларын жақсы қарсы алғандығына алғыс білдіріп: "ИИР-ның Тәртіп сақтау күштері мен қауіпсіздік органдары да зияратшылардың, тіпті шетелдік азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға қызмет көрсетуде жақсы әріптестік жасады" деді.

Седдиқи сонымен қатар АҚШ-тың аймақ елдеріндегі әскери араасуышылығына тоқталып, осы елдің жаңа үкіметіне бүлдіргі саясаттарды жалғастырып, аймақта соғыс ашу үшін миллиондаған доллар қаржы жұмсаудың орнына АҚШ халқының әл-ауқатын жақсартуға талпыныс жасауға кеңес берді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды 10 жылға ұзарту мәселесін "Ортақ қадам" бағдарламасының міндеттерін бұзушылық деп атап: "Ислам революциясының жетекшісі баяндамасында айтып өткендей, егер бұл санкциялар жүзеге асырылса, ИИР міндетті түрде жауап қайтарады" деді.

 

 

 

 

Тегтер