Түркия президентінің Сирия күрдтері туралы мәлімдемесі
(last modified Mon, 29 Feb 2016 15:37:29 GMT )
Ақп 29, 2016 21:37 Asia/Almaty
  • Түркия президентінің Сирия күрдтері туралы мәлімдемесі

Түркия президенті сириялық күрдтерге көмек көрсету үшін елінің дәліз құруға жол бермейтіндігін мәлімдеді.

Режеп Тайып Ердоған «Сирияның бөлінуі ықтимал» деген сөздерге қатысты айтқан пікірінде елінің ешқашан Сирияның солтүстігіндегі «Демократиялық бірлік» партиясы мен халықтық қарсыласу күштері тарапынан дәліз құруына жол бермейтінін қуаттады.

«Milliyet» газетінің жазуынша, Ердоған өткен күні Африка сахарасының оңтүстігіндегі елдерге жасаған сапарында тілшілерге берген сұхбатында Сирияның бөлінуі туралы уәждер жөніндеге мәлімдемесінде «Түркия талай рет Сирияның солтүстігі мен өз шекараларының бойында оның қалыптасуына мұрсат пен рұқсат және мүмкіндіктің бермейтінін ашық жариялаған» деді.

Түркия президенті сириялық күрдтер тарапынан осындай дәліздің құрылуы еліне қауіп төндіріп, алаңдаушылық тудырады деген уәж айтты.

Түркия Сирияның солтүстігіндегі «Демократиялық бірлік» партиясы мен халықтық қарсыласу күштерін Күрдістан Жұмысшылары партиясының соңынан еруші әрі лаңкестік ұйым деп жариялаған.