Сирия: Ердоғанның өтірігі шықты
Дамаск үкіметі: «Түркия Президентінің осы елдің Сирияға басып кірудегі мақсаттары туралы жуырдағы сөздері оның өтірігін әшкерелеп берді»,-деп хабарлады.
Press TV ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Стамбұлдағы форумда: «Түркия армиясының Сирия жеріне кірудегі мақсаты – соғыс тауқыметін көріп отырған осы араб елінің Президенті Башар Асадтың үкіметін құлату»,-деді.
Сирияның ресми ақпарат агенттігі (САНА) сәрсенбі күні Сирия СІМ-дегі бір дереккөзіне сілтеме жасап: «Бұл сөздер Түркияның Сирия жеріне басып кіруі Түркия Президентінің шектен тыс талап етуінің нәтижесі екенін айқын көрсетіп отыр.
Шектен тыс талап етушілік осы реакцияшыл диктатордың ойларын құрап, Түркияны лаңкестік топтардың базасына айналдырды»,-деп мәдңмдеді.
Сонымен қатар, Кремльдің ақпарат өкілі Дмитрий Песков Түркия Президентінің Башар Асад туралы сөздерін таңданыс тудыратын әрі ойланбай айтылған сөздер деп сипаттады.
Дмитрий Песков Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Башар Асадқа қарсы сөздері туралы: "Бұл сөздер Түркия қайраткерлерінің осыған дейінгі сөздеріне қайшы болумен қатар, Ресейдің жауапты тұлғаларының қазіргі жағдай туралы түсінігімен мүлде сәйкеспейді",-деді.