Иран Сирияның Зейнабие аймағындағы лаңкестік әрекетті айыптады
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ондаған сириялық азаматтың қаза тауып, жаралануына себеп болған Зейнабие аймағындағы лаңкестік әрекетті айыптады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хосейн Джабери Ансари жексенбі күні Дамасктің Зейнабие аймағындағы қанқұйлы лаңкестік әрекетке реакция білдіріп: «Шетелден қолдау көріп отырған лаңкестер бейкүнә адамдарды өлтіруді жалғастырып, Женевадағы келіссөздермен тұспа-тұс Сириядағы дағдарысты саяси жолмен шешу үдерісін бұзуды көздеуде»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Джабери Ансари лаңкестік әрекетте құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтып, Сирия үкіметі мен халқына жанашырлық білдіріп, лаңкестерді қолдау саясаты мен Сирияға қару-жарақ пен лаңкестерді жіберуді тоқтату үшін шынайы шара қолдануды талап етті.
Жексенбі күні Дамасктің Зейнабие аймағында үш жарылыс орын алып, салдарынан 50 адам қаза болып, 100 адам жарақат алды.