Жел 08, 2016 14:53 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Алеппо – лаңкестердің Сириядағы ең соңғы үміті

Сирия Президенті сәрсенбі күні «әл-Уатан» газетіне берген сұхбатында: «Алеппо – Дамаск пен Хомста жеңіліс тапқан лаңкестердің Сириядағы ең соңғы үміті. Алеппоны толық азат ету Сириядағы соғыс үдерісін өзгертеді»,-деді.

«Al-Alam» телеарнасының хабарлауы бойынша, Башар Асад Сирия үкіметінің лаңкестердің қолындағы елдің барлық аймақтарын толық азат етуге шешім қабылдағанын қуаттап: «Алеппо толық азат етілуі тиіс аймақтардың қатарына жатады»,-деп мәлімдеді. 

Сирия Президенті Алеппо толық азат етілгеннен кейін Батыс елдері мен лаңкестер үшін ешбір мұрсаттың қалмайтынын айтып: «Бұл қаланы азат ету батыстықтар мен олардың аймақтық демеушілерінің жобасының жеңіліс тапқанын білдіреді.

Түркия Батыс елдерімен бірге Алеппоға бар күшін салды. Бұл елдің Президенті Режеп Тайып Ердоған осы қаланың азат етілмеуі үшін қаржы бөлді»,-деді.

Сирия Президенті бітімге келудің Сирия дағдарысын іс жүзінде шешудің шынайы жолы екенін айтып: «Сирия үкіметі лаңкестерді қолдамаған және бөгде елдермен байланысы жоқ барлық қарсыластармен келіссөздер өткізуге дайын»,-деп баса айтты.

Соңғы күндері Сирия армиясы Алеппоның шығысында айтарлықтай сәттіліктерге қол жеткізді.

 

Тегтер