Израильдік наразылар Нетаньяхудың мүсінін құлатты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i19405
Израильдік наразылар Тель- Авивте Рабин алаңында орнатылған сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың мүсінін құлатты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 08, 2016 20:56 Asia/Almaty
  • Израильдік наразылар Нетаньяхудың мүсінін құлатты

Израильдік наразылар Тель- Авивте Рабин алаңында орнатылған сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың мүсінін құлатты.

Нетаньяхудың саясатына наразылардың бірі: «Израиль премьер-министрінің мүсіні Нетаньяхудың қазіргі мәртебесін бейнелейді. Нетаньяху демократияны құртып, билік үшін жаңа үлгі қалыптастыруды көздеуде» деді. Нетаньяхудың энергия, баспасөз саласындағы жанжал тудырған саясаты мен жұбайының қаржылық айла-амалдары жаулап алынған Палестина жерлеріндегі наразылықтарды арттырды. Жүздеген израильдік белсенді қарашаның он екісі күні Беньямин Нетаньяхудың журналистер мен сынаушы ақпарат құралдарына қарсы шараларына білдірген наразылық әрекетте Тель- Авивте шеру өткізді.