Сейіт Хасан Насролла: Сирия жеңіске жақын қалды
Ливан Хезболласының бас хатшысы Сирия мен Алеппоның жеңіске жақын қалғанын қуаттап, Алепподағы жеңістің Сирия мен Ирактың Мосул қаласы және аймақтың өзгерістеріне ықпал ететінін айтты.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла жұма күні кешке Ливан мен аймақ өзгерістері туралы сөздерінде: "Аймақтағы мұсылмандар мен мәсихилер Израиль мен тәкфіршілдердің қоқан-лоққыларынан кейін мәдени және болмыстық сын-қатерлерге тап болды" деді.
Ливан Хезболласының бас хатшысы бұл қоқан-лоққылардың алдымен Палестинада мұсылмандардың құндылықтарын нысанаға алуын, соның ішінде осы елде азан шақыруға тыйым салынудан басталғанын айтып: "Бұл сын-қатерлер Палестинадан Иракқа, Сирия мен Нигерияға және мұсылмандар мен мәсихилердің басқа да мекендеріне жетті. АҚШ пен Батыс лаңкестікті қаржылай және қару-жарақпен қолдап отыр. Бұл Дональд Трамп мойындаған және Хиллари Клинтонның хаттарынан табылған нәрсенің нақ өзі" деді.