Йемен парламенті ұлттық құтқару үкіметіне сенім дауысын берді
Жел 10, 2016 21:49 Asia/Almaty
Йемен парламентінің депутаттары сенбі күні басым дауыспен осы елдің ұлттық құтқару үкіметіне сенім дауысын берді.
Йеменнің ұлттық құтқару үкіметі Абдолазиз Бин Хабтурдың премьер-министрлігімен парламенттен сенім дауысын алған соң осы елді басқару жауапкершілігін мойнына алып отыр.
Йеменнің ұлттық құтқару үкіметі Ансаролла қозғалысы мен Әли Абдолла Салехке қарасты Халықтық Конгресс партиясы тарапынан 28 қарашада Абдолазиз Бин Хабтурдың төрағалық етіп, 42 министрдің қатысуымен құрылды.
Бұған дейін Йеменнің саяси жоғары кеңесі ұлттық құтқару үкіметін ішкі қиын жағдайда сыртқы түйткілдерге, соның ішінде Сауд Арабиясының шабуылына тосқауыл қою үшін құрылды деп жариялаған болатын.
Тегтер