Стаффан де Мистура мен Амир Абдоллахиян Сирия туралы пікір алмасты
(last modified Mon, 01 Feb 2016 08:26:05 GMT )
Ақп 01, 2016 14:26 Asia/Almaty
  • Стаффан де Мистура  мен Амир Абдоллахиян Сирия туралы пікір алмасты

Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка істері жөніндегі орынбасары мен БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Женевадағы сириялық тараптардың келіссөздері туралы пікір алмасты.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің Араб-Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Амир Абдоллахиян жексенбі күні телефон арқылы БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистурамен телефон арқылы сұхбаттасып: «ИИР Женевадағв сириялық тараптардың келіссөздерін қолдайды.

Лаңкестер жаңа бет-бейнемен Женева келіссөздеріне қатысып, келіссөздерді құралға айналдырмаулары қажет. Сирияның келешегінде лаңкестерге орын болмайды»,- деді.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура да телефон арқылы орын алған бұл сұхбатта Женева келіссөздерінің саяси үдеріс, атысты тоқтату, адами мәселе және лаңкестікпен күресуді қарастыратынына тоқталды.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Сирия үкіметінің делегациясымен өткізген сенбі күнгі отырысына сілтеме жасап, ИИР-ның лаңкестікпен күресу саласындағы көмегіне алғыс айтты.