Жалдамалы күштер Йеменнің мұнайлы порттарына үстемдік ету үшін жаңа әрекеттерге баруда
АҚШ пен Сауда Арабиясы Йеменді бөлу және осы елдің мұнай мен газ қорына үстемдік ету жобасы шеңберінде Йеменнің батыс жағалауларына әскери шабуылдарды күшейтуді мақсат етіп отыр.
Йеменнің революциялық комитеттері қолбасшыларының бірі Абдолла Хасан әр- Ғари барлау аппараттарының ақпараттарына сүйеніп: «Сауда Арабиясы мен АҚШ Йеменнің порттарын жаулап алу мақсатында израильдік және америкалық соғыс жабдықтары мен жалдамалы күштерді осы аймақтарға көшіріп жатыр. Саудиялық дұшпан Йемен жерін басып алу жолында саяси және әскери сәтсіздікке ұшыраған соң өз жоспарларын іске асыруға Йеменнің оңтүстік жағалаулары мен оңтүстік облыстарындағы өзге стратегиялық нысандарына үстемдік ету үшін "әл- Каиданы" сылтауратып отыр» деді.