Шамхани: Израиль – Азияның батысындағы дағдарыстың басты факторы
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сионистік режимді Азияның батысындағы дағдарыстың басты факторы деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні «Азияның батысындағы аймақтық қауіпсіздік жүйесі» тақырыбында өткен Теһран қауіпсіздігі конференциясында: «Израильден басқа ешбір көршілес мемлекет және Батыс Азия аймағы елдері мен режимдері Иранға қатер төндіретін елдердің тобына жатпайды», - деп қуаттады.
Шамхани аймақтағы дағдарыстар жиынтығының қолдан жасалып отырғанын қуаттап: «Аймақтағы қарулану бәсекелестігі мен мұсылман әлемі шекараларын қанға бояу әрекеттері аймақтан тыс күштердің шынайы дағдарысты бүркемелеп, сионистік режимге қарсыласу мүмкіндіктерін жою және бұрмалау шеңберінде бағаланады.
Саяси мақсаттарды ілгерілету және оны Ислам дінімен байланыстыру үшін лаңкестікті құрал ретінде пайдалану арқылы исламнан үркітуді өрістету және мұсылмандар арасында алауыздық туғызу жағдайды күрделендіре түсті. Бұл жағдайда жалғыз жеңімпаз сионистік режим болып табылады», - деді.