Бахрейнде Халифе әулетінің басып-жаншу және адам құқығын бұзу әрекеттері жалғасуда
Халифе әулеті режимінің сот мекемесі дүйсенбі күні Бахрейннің ұлттық "әл- Вефақ" исламдық жамиғатының бас хатшысы шейх Әли Салманға қарсы жалған айыптауларын растаумен қоса, оны 9 жыл түрмеге қамау үкімін де бекітті.
Бахрейннің сот мекемесі 2015 жылдың маусым айында шейх Әли Салманды «Бахрейннің ІІМ-не тіл тигізді және осы елдің халқын заң бұзушылыққа пен билік жүйесін өзгертуге арандатты» деген айыппен 4 жыл түрмеге қамауға үкім шығарған болатын.
Бахрейннің Апелляциялық соты содан кейін 2016 жылдың мамыр айында шейх Әли Салманның бас бостандығынан айыру үкімін 9 жылға ұлғайтты.
Бахрейннің Әділет министрлігі де 2016 жылдың маусым айында "әл- Вефақ" жамиғатының қызметін тоқтатты. Содан кейін Бахрейннің жоғары соты өткен шілде айында Халифе әулеті режиміне ең үлкен қарсылас топты таратып, оның мал-мүлкін тәркілеуге жарлық шығарды.
Бахрейн 2011 жылдың ақпан айынан бері Халифе әулеті режиміне қарсы халықтық революцияға куә болып отыр.