Бахрейнде Халифе әулетінің басып-жаншу және адам құқығын бұзу әрекеттері жалғасуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i19840
Халифе әулеті режимінің сот мекемесі дүйсенбі күні Бахрейннің ұлттық "әл- Вефақ" исламдық жамиғатының бас хатшысы шейх Әли Салманға қарсы жалған айыптауларын растаумен қоса, оны 9 жыл түрмеге қамау үкімін де бекітті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 12, 2016 22:33 Asia/Almaty
  • Бахрейнде Халифе әулетінің басып-жаншу және адам құқығын бұзу әрекеттері  жалғасуда

Халифе әулеті режимінің сот мекемесі дүйсенбі күні Бахрейннің ұлттық "әл- Вефақ" исламдық жамиғатының бас хатшысы шейх Әли Салманға қарсы жалған айыптауларын растаумен қоса, оны 9 жыл түрмеге қамау үкімін де бекітті.

Бахрейннің сот мекемесі 2015 жылдың маусым айында шейх Әли Салманды «Бахрейннің ІІМ-не тіл тигізді және осы елдің халқын заң бұзушылыққа пен билік жүйесін өзгертуге арандатты» деген айыппен 4 жыл түрмеге қамауға үкім шығарған болатын.

Бахрейннің Апелляциялық соты содан кейін 2016 жылдың мамыр айында шейх Әли Салманның бас бостандығынан айыру үкімін 9 жылға ұлғайтты.

Бахрейннің Әділет министрлігі де 2016 жылдың маусым айында "әл- Вефақ" жамиғатының қызметін тоқтатты. Содан кейін Бахрейннің жоғары соты өткен  шілде айында Халифе әулеті режиміне ең үлкен қарсылас топты таратып, оның мал-мүлкін тәркілеуге жарлық шығарды.

Бахрейн 2011 жылдың ақпан айынан бері  Халифе әулеті режиміне қарсы халықтық революцияға куә болып отыр.