Сионистердің қылмыстарына немқұрайдылық таныту лаңкестік топтардың пайда болуының факторы
(last modified Tue, 13 Dec 2016 10:48:24 GMT )
Жел 13, 2016 16:48 Asia/Almaty
  • Сионистердің қылмыстарына немқұрайдылық таныту лаңкестік топтардың пайда болуының факторы

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы заңсыз сионистік режимнің қылмыстарына немқұрайдылық танытуды лаңкестік топтардың пайда болуының факторы деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы аятолла Хашеми Рафсанджани дүйсенбі күні Теһранда Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы Рамазан Абдолла Шалахпен кездесуінде Палестина халқын әлемнің ең көп езгіге ұшыраған халқы деп атап: «Аймақтық, тіпті әлем мемлекеттеріндегі халықтық қозғалыстардың көбінің  тамыры палестиналықтарға қарсы зұлымдық пен осы аймақ халқының оянуына қатысты. Талибан, әл-Қаида, ДАИШ, Джебхат ан-Носрат, Бокохарам және басқа да ондаған лаңкестік топтардың құрылуы заңсыз сионистік режимнің қылмыстарына немқұрайдылық білдіру мен Палестина халқының мақсаттарын қолдау жолынан бұрмаланудың салдары»,- деді.

Рамазан Абдолла Шалах та бұл кездесуде аймақтағы саяси өзгерістер мен бейберекеттіктерге тоқталып: «Мұсылмандар ортақ дұшпанға көңіл бөлудің орнына Палестина мәселесін ұмытты»,- деді.

Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы сонымен бірге Сирияның бөлінуін қарсыласу майданын әлсіретуді көздейтін қастандық деп атап: «Өкінішке орай, кейбір араб елдері Құдсты басып алған режимге бұл қастықты іске асыруға көмектесуде»,- деді.

 

 

 

Тегтер