Жел 14, 2016 13:36 Asia/Almaty
  • Шамхани: Алеппоны азат ету – Сирия армиясы мен исламдық қарсыласудың үлкен жеңісі

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Алеппоның лаңкестерден азат етілуін Сирия армиясы мен қарсыласу қозғалысының үлкен жеңісі деп бағалады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы адмирал Әли Шамхани сейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігіне берген сұхбатында: «Қаһармандық қарсыласу және Сирия халқының лаңкестер мен олардың аймақтық және батыстық қолдаушыларын жеңуі   Алланың жәбір көргендердің үстемшілерді жеңу туралы уәдесін айғақтады»,- деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Батыс пен аймақтың кейбір мемлекеттерінің Сирия үкіметінің Джебхат ан-Носрат лаңкестерін сириялық қарулы наразылардан ажырату стратегиясымен қарсыласуын Сирия армиясын қақтығыстарға шырмап, елдің басқа аймақтарындағы шабуылдарға қатыстырмау деп атап: «Батыс және оның аймақтағы қолдаушылары Алеппо азат етілген соң кек алу үшін лаңкестерді қолдауды жалғастырып, оларды қаруландыру немесе ұлттық бірлік үкімет құру үшін қарулы наразыларды үкіметпен келіссөздер жүргізуге жігерлендіру сынды екі жолдың бірін таңдай алады. Олар екінші жолды таңдайды деп үміттенеміз»,- деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сөзінің соңында сионистік режимді аймақтағы бейберекеттіктер мен тынышсыздықтардың жалғыз себепкері деп атады.

 

 

Тегтер