Сирияда 1200 қарулы қарсылас қаруларын тастады
Нау 02, 2016 22:33 Asia/Almaty
Сирияның оңтүстігіндегі Дарайя облысының әкімі 1200 қарулы қарсыластың қаруларын тастап, берілгенін хабарлады.
Сирияның Дарайя облысының әкімі Мұхаммад Халед әл- Һанус: «Осы уақытқа дейін Сирияның үкіметтік күштерімен күресіп келген Дарайя облысындағы қарулы қарсыластардың 1200- ден астамы өз қаруларын жерге қойып, берілді» деді.
Сириядағы атыс тоқтату келісімі 27- ші ақпан, сенбі күні таңертең күшіне енді, бірақ «Ән- Носрат» майданы мен ИСИМ лаңкестік тобына қарсы әскери амалдар жалғасуда.
Тегтер