Жел 14, 2016 22:44 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі Халеб қаласының азат етілуімен өзінің сириялық әріптесін құттықтады

Оңтүстік Африкаға сапар шеккен Иран ислам республикасының Қорғаныс министрі бригада генералы Хосейн Деһқан Сирияның Қорғаныс министрі Фахед Джасим әл-Фреджбен телефон арқылы сұхбатта Халеб қаласын тәкфирлік лаңкестердің қолынан азат етуді лаңкестік пен әсірешілдікке қарсы қарсыласу майданының күрестеріндегі жарқын белес деп сипаттады.

Телефон арқылы орнаған сұхбатта Фахед Джасим әл-Фредж сардар Деһқанға телефон арқылы байланысқаны үшін алғыс айтып, Иран үкіметі мен халқының лаңкестікпен күресте Сирия армиясы мен халқына қолдау көрсетуіне ризашылығын білдірді.

 

 

 

 

Тегтер