Жел 15, 2016 14:48 Asia/Almaty
  • Башар Асад:  Батыс елдері Сирияда лаңкестерді сақтап қалуды көздеп отыр

Сирия Президенті Батыс елдерінің Сириядағы лаңкестік топтарды қолдап отырғанын сынап: «Батыс елдері Сирияда лаңкестерді сақтап қалуды көздеп отыр»,-деді.

Сирия Президенті Башар Асад сәрсенбі күні «Russia Today» телеарнасына берген сұхбатында: «Батыс елдері «Сирия армиясы мен оның одақтастары лаңкестерді жеңуде шектен тыс ілгеріледі» деп санайды, сондықтан бар күштерін салып лаңкестерді Сирияда сақтап қалып, құтқаруды көздеп отыр.

Батыс елдері Алепподағы жеңісті әлсіретіп, солғындату мақсатында Сирия армиясының назарын Пальмираға бұрып, олардың ілгерілеуінің алдын алғысы келді. Алайда олардың бұл ісі нәтиже бермей, Алеппо азат етілді»,-деді.

 

Тегтер