Сирия Президенті елінің халқын Алеппоның азат етілуімен құттықтады
(last modified Fri, 16 Dec 2016 12:00:07 GMT )
Жел 16, 2016 18:00 Asia/Almaty
  • Сирия Президенті елінің халқын Алеппоның азат етілуімен құттықтады

Сирия Президенті өз елінің халқын Алеппоның азат етілуімен құттықтады.

«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия Президенті Башар Асад бейсенбі күні Алеппоның азат етілуіне байланысты әлеуметтік желілер арқылы таратқан видео жолдауында: «Бұл жеңіс Сирия халқы үшін тарихи оқиға. Бүгін Сирияның солтүстігінде Алеппода орын алған  оқиға сириялық барлық азаматтардың талпыныстары мен ынтымақтастығының нәтижесі. Бұл аймақтың лаңкестерден азат етілуімен тек Сирия мен аймақтағы ғана емес, әлемдік теңгерім өзгереді»,- деді.

Ресей Қарулы күштері бас штабының жедел әрекет ету басқармасы басшысының орынбасары Виктор Познихир Алеппоның Сирия армиясының бақылауына алынғанын қуаттап: «Қарулы топтар сәтсіздікке ұшырап, көптеген шығын көріп, ондаған әскери көліктерінен айрылып, қаладан кетуге мәжбүр болды.

Сирия армиясы мен Ресейдің лаңкестерге қарсы соңғы әрекеттерінде кемінде 900 лаңкес құртылды»,- деп мәлімдеді. Ресей теледидарының екінші арнасы да лаңкестер мен олардың жанұялары мінген автобустардың Алеппоның шығысынан шыққанын хабарлады. Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша олардың  саны шамамен бес мыңға  жуық.