Түркияның Ішкі істер министрі: Күрдістан жұмысшылар партиясы сенбі күнгі лаңкестік шабуылға жауапты
(last modified Sun, 18 Dec 2016 07:35:27 GMT )
Жел 18, 2016 13:35 Asia/Almaty
  • Түркияның Ішкі істер министрі: Күрдістан жұмысшылар партиясы сенбі күнгі лаңкестік шабуылға жауапты

Түркияның Ішкі істер министрі Күрдістан жұмысшылар партиясына мүше екі адамды сенбі күні Түркияның орталық бөлігіндегі Кайсери қаласындағы осы елдің әскери автобусына жасалған лаңкестік шабуылға жауапты деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу сенбі күні кешке: «Сенбі күні лаңкестік әрекет жасағандар – Күрдістан жұмысшылар партиясына қарасты «Четкар» мен «Бутан» деген лақап аттарға ие екі адам. Тәртіп сақтау күштері олардың жеке бастары мен лаңкестік жасау тәсілін тексеріп жатыр. Осы лаңкестік әрекетке қатысты 7 адам құрықталды, ал басқа 5 адам іздестірілуде»,-деді. 

Сойлу лаңкестік әрекеттен қаза болғандар санының 14 адамға, ал жараланғандар санының 56 адамға жеткеніне тоқталып: «Сенбі күнгі лаңкестік әрекет Кайсери қаласында бомба қойылған көлікті пайдаланып, әскерилерді тасымалдап бара жатқан автобус қызыл бағдаршамға тоқтаған кезде жасалды»,-деді. 

Сенбі күні таңертең Түркияның орталық бөлігінде Анкарадан 300 шақырым жердегі Кайсери қаласында бірер сағаттық демалысты пайдалану үшін әскери бөлімшелерінен шыққан сарбаздар лаңкестік шабуылға ұшырады.

Түркияның Премьер-министрі Бинали Йылдырым да Кайсери қаласында әуе күштерінің командаларын тиеген екі автобус туралы айтқан алғашқы ресми көзқарасында оны лаңкестік шабуыл деп атады.