Сирия Арабстан мен Түркияға ескерту жасады
Сирияның ұлттық татуластыру министрінің орынбасары: "Егер Түркия мен Арабстан Сириядағы аралсушылығын тоқтатса, атысты тоқтату келісімі Сириядағы дағдарыстың шешілуімен аяқталады" деді.
Сирияның ұлттық татуластыру министрінің орынбасары Ахмад Мунир Арабстан мен Түркияға осы елдегі араласушылықтарын тоқтатса, Сирия дағдарысының саяси жолмен шешілуі мүмкін екендігін ескертті.
Сирияның ұлттық татуластыру министрінің орынбасары Associated Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Егер Арабстан мен Түркия Сирия істеріне араласушылығы мен лаңкестікті қолдауын тоқтатса, АҚШ пен Ресейдің келісімімен орнаған атысты тоқтату бітімі табысқа жетеді. Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешу Еуропа үшін пайдалы болып, осы құрлыққа қарай ағылып жатқан босқындардың легін тоқтата алады. Сирияда кез келген себепке байланысты бейбітшілік орнамаса, Еуропа үшін лаңкестіктің қауіп-қатері арта түседі" деді.