Велаяти: АҚШ пен аймақтағы экстремизмді демеушілер Сирияның жеңісіне өкініп жатыр
ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы: «Сириядағы соңғы жеңістер АҚШ пен аймақтағы экстремизмді демеушілердің өкінішіне себеп болды»,-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти бейсенбі күні Теһранда Сирияның елшісі Аднан Хасан Махмудпен кездесіп: «Сирия бүгінде басқа кезеңдермен салыстырғанда күштірек дұшпандарға қарсы әрекет етуде.
Сирия халқы мен үкіметі соңғы бірнеше жылда лаңкестер мен олардың аймақтық демеушілері мен сионистік режимге қарсы үлгі боларлық табандылық көрсетті»,-деп қуаттады.
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі, сондай-ақ, Катар мен Сауд Арабиясының Сирияда қақтығыстарды үдетудегі рөліне тоқталып: «Бұл екі ел жалдамалыларды жалдап, оларға қаражат пен қару-жарақ беру арқылы соғыс қылмысын жасады.
Түркияның лаңкестікпен күресте Сирияның демеушілері, соның ішінде Иран мен Ресейдің қасынан табылуы осы төрт елдің мүддесіне сай келеді»,-деді.