Набих Берри: Иранның аймақтағы жуырдағы жетістіктерге қол жеткізудегі орны ерекше
(last modified Sat, 24 Dec 2016 09:06:18 GMT )
Жел 24, 2016 15:06 Asia/Almaty
  •  Набих Берри: Иранның аймақтағы жуырдағы жетістіктерге қол жеткізудегі орны ерекше

Ливан мәжілісінің төрағасы ИИР-ның аймақтағы жуырдағы қол жеткізілген жетістіктердегі оң рөлін қуаттап, аймақтағы дағдарыстар мен келіспеушіліктерді шешу үшін кеңесулерді жалғастырудың қажет екенін баса айтты.

ИРНА-ның хабарлауынша, Набих Берри жұма күні Ливанда ИИР-ның Сыртқы істер министрінің Африка және араб елдері істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансаримен кездесуінде өзінің бақылауымен өткен Ливанның түрлі қозғалыстары арасындағы келіссөздерге тоқталып, оны аймақтық деңгейдегі түрлі саяси-әлеуметтік қозғалыстар, мазхабтар мен тайпалар арасындағы сұхбаттасулардың бірден бір үлгісі деп атап, аймақтық дағдарыстарды шешу үшін осы үлгіні пайдалануды қуаттады. 

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары да осы кездесуде Ливан жетекшілерінің қол жеткізген табыстары, әсіресе, жуырда осы елде саяси келісімге қол жеткізілуімен құттықтап: "Ливан өткен бірнеше онжылдықта сионистік режимнің басқыншылығына қарсы табандылық және қоғам мүшелерінің бір-бірінің қасында бейбіт өмір сүру бойынша екі  табысты үлгі ұсына алды. Президент пен премьер-министрді сайлау және жаңа үкімет құруға қатысты жуырдағы келісім аймақта түрлі саяси-әлеуметтік қозғалыстар арасындағы келіспеушіліктерді шешу жолы бойынша үшінші табысты үлгі бола алады" деді. 

Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары сонымен қатар Хезболланың бас хатшысы сейіт Хасан Насролламен кездесіп, онымен Ливанның жағдайы және аймақтық өзгерістер туралы пікір алмасты.