Жел 26, 2016 21:25 Asia/Almaty
  • Сионистер мұсылмандардың тұңғыш құбыласына шабуыл жасауға шақырды

Сионистік әсірешіл ұйымдар мен топтар сионистерді еврейлердің "Ханука" мейрамының арнайы рәсімін өткізу үшін "әл-Ақса" мешітіне жаппай шабуыл жасауға шақырды.

"Ханука" – сегіз күн бойы желтоқсан айының аяқ шенінде өтетін сионистік мейрам.

Палестина ақпарат тарату орталығының мәлімдеуінше, сионистік әсірешіл ұйымдар мен топтардың шақыруында «Израиль полициясы "әл- Ақса" мешітіне шабуылда қалашықтар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді» деп жазылған.

Сионист әсірешіл раввиндер "әл-Ақса" мешітін қорлауға әзірлік танытқан.

Сионистік қалашықтардың үш мың тұрғыны 2016 жылы қазан айында "әл- Ақса" мешітіне шабуыл жасады. Осы қасиетті мекен сионист әскерилер мен қалашықтар тұрғындарының Бейт әл- Мұқаддастың исламдық және христиандық болмысын жою және оны сионистік белгілермен ауыстыру үшін атыс- шабыс алаңына айналып отыр.

 

 

Тегтер