Эрдоған: АҚШ ДАИШ-ты қолдайды
(last modified Wed, 28 Dec 2016 09:15:38 GMT )
Жел 28, 2016 15:15 Asia/Almaty
  • Эрдоған: АҚШ ДАИШ-ты қолдайды

Түркия Президенті ДАИШ-ке қарсы АҚШ коалициясының Сириядағы лаңкестік топтарды қолдайтынын мойындады.

«Рейтерс» агенттігінің мәліметі бойынша, Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған сейсенбі күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ басқарған коалиция Сириядағы лаңкестік топтарды, соның ішінде ДАИШ пен қарулы күрд тобын қолдайды. Америкалық коалиция ДАИШ лаңкестік тобының қарамағындағы лаңкестермен күресу міндетін орындамайды»,- деді.

60 мемлекеттен құрылған АҚШ басқаратын ДАИШ-ке қарсы коалиция аталмыш топпен күресті сылтауратып, 2014-ші жылдың қыркүйек айында Сирия мен Ирак жерінде әуе шабуылдарын бастады.

Түркия Президенті сонымен бірге Сирияның бейбітшілік келіссөздеріне қатысты жақында Астана қаласында өтетін отырысқа тоқталып: «Астана отырысына Сауд Арабиясы мен Қатарды шақыру керек» деді.

Сауд Арабиясы мен Қатар Түркиямен бірге өткен алты жылда Сириядағы әртүрі лаңкестік топтарды қолдады. Сондықтан оларды Сирияның бейбітшілік келіссөздеріне байланысты өтетін отырысқа шақыру олардың іске асырып отырған саясаттарына сай келмейді.