Анкара: Түркия әскерилерін өртеу туралы бейнематериал жалған
https://itolqyn.com/news/west_asia-i21799-Анкара_Түркия_әскерилерін_өртеу_туралы_бейнематериал_жалған
Түркия Премьер-министрінің орынбасары ДАИШ лаңкестерінің елдің екі әскериін өртеу туралы 19 минуттық видеоны жалған деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 28, 2016 15:26 Asia/Almaty
  • Анкара: Түркия әскерилерін өртеу туралы бейнематериал жалған

Түркия Премьер-министрінің орынбасары ДАИШ лаңкестерінің елдің екі әскериін өртеу туралы 19 минуттық видеоны жалған деп атады.

ИСНА-ның мәліметі бойынша, Түркия Премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуш: «Бұл видео  қауесет тарату арқылы түріктерді әлсіретуді мақсат еткен. Көрсетілген бейнематериал расталмайды»,- деп мәлімдеді.

Куртулмуш соныен бірге ДАИШ лаңкестік тобының әлеуметтік желілер арқылы үрей тудыру әрекеттерін қатаң айыптады.

Бұдан бұрын халықаралық лаңкестік органдарды зерттейтін ұйым Твиттердегі парақшасында ДАИШ такфіршіл лаңкестік тобының Түркияның екі әскериін өртегені туралы  бейнематериалдың таратылғаны туралы хабарлаған болатын.

Осы мәліметтерге сәйкес Түркияның екі әскериі шамамен екі апта бұрын әл-Баб  аймағында ДАИШ лаңкестік тобының тұтқынына түскен. ДАИШ-тың Сирияда екі түрік әскериін өртеуі туралы видео таратылған соң Түркия басшылары елде әлеуметтік желілерді жапты.