Валид әл-Муаллим Теһранда Лариджанимен кездесті
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы мен Сирия Сыртқы істер министрі Сириядағы ең соңғы саяси, қауіпсіздік және әскери өзгерістер жөнінде сұхбаттасты.
Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мен Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл- Муаллим жексенбі күні Теһранда кездесіп, Сириядағы соңғы өзгерістер, соның ішінде атысты тұрақты түрде тоқтату, гуманитарлық көмек жеткізу, лаңкестік топтармен күрес және осы елдегі келіссөздер мен бейбітшілік үшін талқыланған саяси бастамалар туралы сұхбаттасты.
Кеше сенбі күні Теһранға келген Валид әл- Муаллим Иран президенті, Сыртқы істер министрі және Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасымен кездесіп, әңгімелесті.
Екі елдің тәкфирлік лаңкестікпен күресудегі ортақ ынтымақтастығы үдерісіндегі қауіпсіздік және майдандық өзгерістерге шолу жасау, Сирияда ымырашылдықты сақтау және «сириялық-сириялық» сұхбаттарды бастауға алғышарт әзірлеу үшін саяси шаралар мен бастамалар туралы ой бөлісу осы кездесулерде талқыланған өзекті тақырыптарты құрады.
Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде кездесуі мен сұхбаттасуларынан кейін үш тарап Сирия мәлімдемесін жариялады. Соған сәйкес Сирия үкіметі мен қарсыластарының келіссөздері алдағы аптада Қазақстан республикасының елордасы Астанада өтеді.
Сирияда жұма күні таңертеңнен бастап ымыра орнатылды. Түркия мен Ресей осы атысты тоқтату бітімінің жүзеге асырылуының кепілдігін мойнына алып отыр.