Израильдің премьер-министрі тергеледі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i22519
Сионистік режимнің полициясы алдағы сәрсенбіден бастап, осы режимнің премьер министрі Беньямин Нетаньяхудың үстінен қомақты мөлшерде мал-мүлікті заңсыз иеленді және аманатқа қиянат жасады деген айыппен тергеу жүргізеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 02, 2017 22:43 Asia/Almaty
  • Израильдің премьер-министрі  тергеледі

Сионистік режимнің полициясы алдағы сәрсенбіден бастап, осы режимнің премьер министрі Беньямин Нетаньяхудың үстінен қомақты мөлшерде мал-мүлікті заңсыз иеленді және аманатқа қиянат жасады деген айыппен тергеу жүргізеді.

Сионистік режимнің екінші арнасы осы режим полициясының Нетаньяхуға қатысты израильдік және израильдік емес кәсіпкерлерден қомақты мөлшерде қаржы алған деп күдіктеніп отырғанын мәлімдеді.

Екінші іс те Нетаньяху мен оның отбасы мүшелерінің әзірше әшкереленбеген келесі бір жемқорлық оқиғасына қатысты.

Беньямин Нетаньяху осы ақпараттардың жариялануына көрсеткен реакцияда ақпараттар шындыққа жанаспайды деп мәлімдеген болатын.