ДАИШ Түркияны өзінің жиһад аймағына айналдыру туралы уәж айтты
Қаң 03, 2017 10:34 Asia/Almaty
ДАИШ әлеуметтік желілерде Босфор бұғазы мен Ыстамбұл университетінің суреттерімен жазба жариялап, осы екі жерді өз шабуылдарының келесі нысанасы деп атады.
2016 жылдың қараша айында сәлафиттік қолданушылар әлеуметтік желілерде суреттер жариялаған болатын. Сол суреттерде ДАИШ Түркияны басып алуды мақсат етіп отыр деп қуатталды. Сәлафиттік топтар сондай-ақ өз жақтастарын Түркияда бейберекеттік пен тұрақсыздық тудыру үшін әрекет етуге шақырған болатын.
ДАИШ 2016 жылы Түркиядағы мүшелері мен жақтастарын шақырып, осы елге қарсы соғыс жариялап, лаңкестік шабуылдар арқылы Түркияда бейберекеттік пен тұрақсыздық қалыптастыруға мүдделік танытты.
Тегтер