Лаңкестерге қолдау көрсету сионистік режимнің мақсаттары шеңберінде жүзеге асырылуда
(last modified Wed, 04 Jan 2017 03:57:18 GMT )
Қаң 04, 2017 09:57 Asia/Almaty
  • Лаңкестерге қолдау көрсету сионистік режимнің мақсаттары шеңберінде жүзеге асырылуда

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани аймақтағы кейбір елдердің лаңкестерге қолдау көрсетуін сионистік режимнің мақсаттарының шеңберінде деп атады.

Әли Лариджани Теһранда Ирак президентінің бірінші орынбасары Нури Малекиді қабылдауда аймақтағы кейбір елдердің лаңкестерге қолдау көрсету арқылы аймақта дағдарыс тудыруда рөл атқарып отырғанын сынады.

Лариджани Ирактағы саяси топтар арасындағы ұлттық бірлікті осы елдің лаңкестікке қарсы жеңісінің құпиясы деп бағалап: «Жалпы ұлттық бірлік пен тұтастықты күшейту және Ирактың саяси күштері арасындағы келіспеушіліктерді шешу осы ел дұшпандарының алдында Ирак халқының қиыншылықтарының шешіміне жеткізе алады» деді.