Иран мен Түркия экономика саласындағы екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтуді қуаттады
(last modified Wed, 04 Jan 2017 09:09:12 GMT )
Қаң 04, 2017 15:09 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия экономика саласындағы  екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтуді қуаттады

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Иран мен Түркияның экономика саласындағы екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзаде сейсенбі күні Түркияның Экономика министрі Нахад Зибакчи Анкарада: «Екі елдің экономикалық   ынтымақтастықтарының перспективасы, яғни сауда айналымын 30 миллиард долларға  жеткізу үшін инфрақұрылымдық қиындықтар шешілу керек»,- деді. Нематзаде Иран мен Түркия арасында лайықты темір жолы мен көлік жолының болмауын екі ел ынтымақтастықтарын кеңейтуге кедергі тудырып тұрған факторлардың бірі деп атады.

Түркияның Экономика министрі де: «Преференциялық сауда келісімдерін іске асыру  Иран мен Түркия арасындағы сауда қарым-қатынастарын кеңейту саласындағы маңызды қадам. Бұл үдеріс екі ел арасындағы епкін сауда келісімдерін іске асыруға себеп болады»,- деді.

Түркияның Экономика министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында Иранға қарсы санкциялардың күшінің жойылуы мен Иранға қарсы банктік шектеулерді алып тастауға тоқталып: «Банктер экономикалық айналымды арттыруда маңызды рөл атқарады»,-деп қуаттады.